Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр

3 Сәуір 2021, 10:27
2745
Бөлісу:
Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы басталды.

Комиссия төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов отырыста елде эпиджағдай күрделеніп отырғанын айтты.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды. Өткен отырыста 37 адам болып еді, бүгін оның саны 17 адам болып отыр. Эпидахуал күрделеніп отыр. Сол себепті бәрін ескеруіміз керек, - деді Ералы Тоғжанов.

Екінші отырысқа 70 комиссия мүшесі қатысып отыр.

Өткен отырыста апта сайын жиналамыз деп келіскен болатынбыз. Бүгін комиссияның екінші отырысында басқосып отырмыз. Отырысқа комиссияның 70 мүшесі қатысуда, - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Ұсыныстарға сәйкес жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында сырттай дауыс беру нәтижесінде екі жұмыс тобы құрылды. 

Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобына жетекші болып Сенат депутаты, комиссия мүшесі Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, Құқықтық мәселелер жөніндегі топтың басшысы болып Мәжіліс депутаты, комиссия мүшесі Ерлан Хайланұлы Барлыбаев өткенде белгіленді. Жұмыс топтарының құрамы әрбір комиссия мүшесінің пікірлерін ескере отырып айқындалды. Жұмыс топтарына қатыспауға ниет білдірген комиссия мүшелері де бар, - дейді Тоғжанов.
Комиссия отырысына қатысушылар Күрішбаев пен Барлыбаевтың ұсынысына дауысты ашық түрде берді.

Еске сала кетейік, Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы 25 наурызда өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы