Жеңіс күнінде өтетін дәстүрлі шаралар келесі жылға ауыстырылды

8 Мамыр 2021, 11:00
6295
Бөлісу:
Жеңіс күнінде өтетін дәстүрлі шаралар келесі жылға ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды. Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді, - деп жазды ол.


Өзгелердің жаңалығы