Желтоқсанда сирек кездесетін астрономиялық құбылыс болады

23 Қараша 2020, 11:51
11698
Бөлісу:
Желтоқсанда сирек кездесетін астрономиялық құбылыс болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Райс университетінің ғалымдары 21 желтоқсанда күн батқаннан кейін Юпитер мен Сатурн планеталары бір-біріне өте тығыз арақашықтықта жақындайды деп болжап отыр, деп жазды Хабар24.

Мұндай құбылыс орта ғасырлардан бері болмаған, деп хабарлады phys.org. Райс университетінің астрономы екі планетаның бір-біріне жақындауы өте сирек, шамамен 20 жылда бір рет болатынын айтып өтті. Ауа-райы қолайлы болса, бұл құбылысты Жердің кез келген аймағынан байқауға болады. 

Дегенмен ғалым құбылыстың экватор маңында жақсы көрінетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы