Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне алаяқтық және басқа заңсыз әрекеттердің болу мүмкіндігі тұрғысынан жүйелік мониторинг жүргізді.
Агенттік микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге айыппұл салу түрінде 30 әкімшілік жаза қолданып, 9 жазбаша ұйғарым шығарды.
«TAS CREDIT» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жарияланған күнгі қызметіне сәйкес келмейтін жарнаманы тарату немесе орналастыру түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 416 700 теңге сомаға айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеу түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін «Ломбард «Пятачок» ЖШС-ға, «Ломбард Доверие» ЖШС-ға, «0,18% Lombard» ЖШС-ға, «Алтын Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард Кредит kz» ЖШС-ға, «ЛОМБАРД СТОЛИЧНЫЙ КЗ» ЖШС-ға, «Тез Ломбард» ЖШС-ға, «Цифра Ломбард» ЖШС-ға, « Экспресс займ МҚҰ» ЖШС-ға, «Ломбард «Срочно деньги» ЖШС-ға, «Ломбард Status&Ko» ЖШС-ға, «Ломбард «Народный KZ» ЖШС-ға, «Ломбард «Агат-Т» ЖШС-ға қатысты жалпы сомасы 4,7 млн теңгеге айыппұл түрінде 27 әкімшілік жаза қолданылды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызметті жүзеге асырғаны үшін «Лидер – Капитал 168» МҚҰ» ЖШС-ға қатысты жалпы сомасы 555 600 теңгеге айыппұл түрінде 2 әкімшілік жаза салынды.
9 жазбаша ұйғарым «Адиль-Ломбард» ЖШС-ға, «Ай-Н Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард-Қаржы» ЖШС-ға, «Ломбард «ҰЛЫ ШЫҢ» ЖШС-ға, «Голд-Юг-Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард «Комфорт» ЖШС-ға, «Оңтүстік Финанс-Ресурс» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ға, «Creditum» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға, «TESQUA FINANCE» МҚҰ» ЖШС-ға микрокредит беру туралы үлгі шарттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес болмағаны үшін жіберілді.
Бұдан басқа, қайта тіркеуден өтпеген және есептік тіркеуден өту үшін өтініш бермеген ломбардтарға қатысты Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармалары мәжбүрлеп тарату туралы шағым-талап жұмысын жалғастыруда.
2020 жылғы желтоқсанда екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-қимыл және алаяқтық фактілері анықталған жоқ.
Халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне алаяқтық және басқа заңсыз әрекеттердің болу мүмкіндігі тұрғысынан мониторингтеу көздері:
- Агенттікке, оның ішінде Агенттіктің сұрау салуы бойынша қаржы және өзге де ұйымдар ұсынған құжаттар мен ақпарат;
- жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер, құжаттар мен ақпарат;
- қаржы және өзге де ұйымдардың интернет-ресурстары;
- әлеуметтік желілер («Facebook», «Twitter», «Instagram», «ВКонтакте», «Telegram»);
- қаржы және өзге де ұйымдардың мобильдік қосымшалары;
- теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жарнама болып табылады.
Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ҚР облыстық орталықтарында жүргізілді.