#Желмая. Шетелге көшетін азамат БЖЗҚ-дағы қаражатын қалай шешіп алады?

13 Қазан 2021, 12:35
9324
Бөлісу:
#Желмая. Шетелге көшетін азамат БЖЗҚ-дағы қаражатын қалай шешіп алады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – БЖЗҚ Нұр Сұлтан қалалық филиалының директоры Мұрат Шарипов.

Елімізде азаматтардың зейнетақысы қалай есептеледі? Қорға уақытылы ақша аударудың маңызы қандай? Зейнетке шыққан адам қордағы қаражатын бірден шешіп алуға мүмкіндігі бар ма? Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар жарна аудару үшін ЖК, ЖШС ашу керек пе? Ерікті зейнетақы шоты дегеніміз не? Қазір зейнетақы қорында қанша қаражат жиналды? Қордан тұрғын үйге және емделуге қанша қаражат алынды? Осы және өзге де сұрақтарға Мұрат Шарипов сұхбат барысында жауап берді. 


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін «Желмая» жобасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қонақта болды.

Өзгелердің жаңалығы