#Желмая. Шетелдік банктерді Қазақстанға кіргізбей отырған кімдер?

16 Қыркүйек 2021, 12:30
18844
Бөлісу:
#Желмая. Шетелдік банктерді Қазақстанға кіргізбей отырған кімдер?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – саясаттанушы, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының баспасөз хатшысы Самат Нұртаза.

ҚР Президентінің осы жолғы халыққа Жолдауында бұған дейін көтерілмеген қандай мәселелер айтылды? Бізде су үнемдеу мәдениеті бар ма? Болашақта су мәселесінің соңы соғысқа әкеле ме? Елімізге шетелдік банктер неге келмейді? Ауылды жерде көптеген жерге иелік етіп отырған ықпалды адамдар кімдер? Халық коронавирусқа қарсы салып жатқан вакцинаға неге сенбей отыр? Еліміздің спорты неге тұралап қалды? Әлеуметтік желідегі белсенді министрлер кімдер? Осы және өзге де сұрақтарға саясаттанушы Самат Нұртаза жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Осыған дейін «Желмая» жобасында қонақта «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы болып, Қазақстан жолдарының жағдайы, жол салу процесі қанша кезеңнен тұратыны туралы баяндап берген еді.

Өзгелердің жаңалығы