Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым вице министрі Шолпан Каринова бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып бірқатар сұраққа жауап берді.
Қашықтан оқу қашан аяқталады? Баласын кезекші сыныптарда емес, онлайн оқытуды қалаған ата-аналарда таңдау бар ма? Мектептер карантиндік талаптарды қаншалықты сақтайды? Мектептердегі санитарлық жабдықтар жеткілікті ме? Мұғалімдердің орташа жалақысы қанша? 11-сынып оқушылары, I курс студенттеріне дәстүрлі форматта оқуға рұқсат беру жағы қарастырылып жатыр ма? Биыл жаңа жылдық мерекелер мектеп ішінде аталып өте ме? Білім беру мекемелерінде спорттық шаралар жүргізіліп жатыр ма? Оқулықтарды кім әзірлейді? «Әліппеде» қандай өзгерістер болады?
«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада мультимедиалық жоба.
Жобаның бұған дейінгі қонағы ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасына қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.