#Желмая. Карантиннен кейін сот жүйесінде өзгеріс бола ма?

29 Мамыр 2020, 12:29
4618
Бөлісу:
#Желмая. Карантиннен кейін сот жүйесінде өзгеріс бола ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – ҚР Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов.

Елімізде төтенше жағдай кезінде күніне қанша іс онлайн режимде қаралды? Сот жүйесінде өзгерістер бола ма? Сотқа дейін бітімгершілікке келу мәселесі қаншалықты жолға қойылған? Татуласу мәселесінде нәтиже қандай? Билер кеңесі қызметіне жүгінетіндер бар ма? "Сот жүйесінің жеті түйіні" жобасы істің оң шешілуіне әсер ете алды ма? Жалпы, бұл жобаның мақсаты қандай? Небәрі 29 жаста жоғары қызметке тағайындалудың сыры неде? Осы және өзге де сауалдарға Нұрсұлтан Байтілесов жауап бермек.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы ақын, филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз, доцент Серікзат Дүйсенғазы болды.

Өзгелердің жаңалығы