#Желмая. Ауғандардан бізге төнер қауіп бар ма?

24 Тамыз 2021, 12:30
9267
Бөлісу:
#Желмая. Ауғандардан бізге төнер қауіп бар ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Ауғанстан елінде 7 жыл елші болып қызмет атқарған дипломат Өміртай Бітімов. 

Қазақстан мен Ауғанстанның дипломатиялық қарым-қатынасы туралы не айтуға болады? Ауған еліндегі шиеленіс жағдай қалай өрбуі мүмкін? Бұл жерде Қазақстанның ұстанымы қандай болғаны жөн? Біздің дипломаттарымызды елге қайтармау қаншалықты орынды? Американың Ауғанстан үшін жұмсаған күші зая кетті ме? Қазақстанның ұны мен бидайын көп тұтынатын мемлекеттердің бірі болып табылатын ауған елімен алыс-беріс азайып кетпей ме? Экс-елшінің тәліптер туралы пікірі қандай? Бұрынғы және қазіргі тәліптердің айырмашылықтары бар ма? Елшіге қастандық жасалды ма? Босқындарға қатысты пікірі қандай? Ауғандардан қорқу қажет пе? Осы және өзге де сұрақтарға жоба қонағы жауап берді. 


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпсалалы медицина орталығының директоры, дәрігер Мұхтар Төлеутаев елдегі эпидахуал, вирус, мутация туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы