#Желмая. Астанада түсірілмеген "Форсаж". Лотерея ойнатпайтын Димаш

30 Сәуір 2020, 12:21
4615
Бөлісу:
#Желмая. Астанада түсірілмеген "Форсаж". Лотерея ойнатпайтын Димаш
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жобамыздың бүгінгі қонағы – экс-министр, қазіргі уақытта ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазіргі таңда еліміздегі өнер адамдарының, эстрада жұлдыздарының әлеуметтік желілер арқылы жаппай лотерея өткізіп жүргені дұрыс па? Енгізілген төтенше жағдай салдарынан болатын дағдарыс тойдан ғана күн көріп жүрген өнер азаматтарына қалай әсер етпек? Карантин кезінде Ұлттық музейдің жұмысы қалай жүріп жатыр? Жаңадан қабылданған кино туралы заң қазақ киногерлеріне не берді? Неліктен әлемге әйгілі "Форсаж" фильмінің үзінділері 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында түсірілмей қалды? Соңғы кездері кинорежиссёрлер арасында пікір қарама-қайшылығы көптеп туындап жүр, оның себебі неде? "Димаш Құдайбергеннің бүкіл әлемге жарқ етіп танымал болуына Мәдениет және спорт министрлігінің септігі үлкен" деген пікір қаншалықты дұрыс? Осы және өзге де сұрақтарға сұхбат барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап беріп, пікірімен бөлісті.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, тележүргізуші Дана Нұржігіт болды.

Өзгелердің жаңалығы