Желіде «Дикий Арманның» ұсталған видеосы тарап жатыр

19 Шілде 2021, 10:19
13408
Бөлісу:
Желіде «Дикий Арманның» ұсталған видеосы тарап жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аstana_typical парақшасында қылмыс әлемінің серкелері ұсталған видео жарияланды.

Бейнеде мейрамханада отырған бір топ жігітті арнайы қызмет формасындағы адамдар ұстап, сыртқа шығарғаны көрсетілген.

Кейбір мәліметтер бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының полициясы «Дикий Арман», «Семский», «Алиби» басты қылмыс әлеміндегі беделділер, сондай-ақ олардың айналасындағы адамдар тобын ұстады. Белгілі болғандай, «Дикий Арман» атанған Арман Жұмагелдиев елордаға қонаққа келген. Алиба тарапы оларды қарсы алған. Қымбат мейрамханадағы олардың кездесуінің шырқын арнайы жасақ келіп бұзған. Олардың барлығы алдын алу шаралары үшін полиция бөліміне жеткізілді, - деп жазады пост авторы.

Айта кетейік, «Дикий Арман» лақап атын иеленген Арман Жұмагелдиев Шымкенттің тумасы, алайда Түркияда тұрады. Ол әлеуметтік желіде өте белсенді. Түркияға барған қазақ эстрадасының жұлдыздарымен ән айтқан видеоларын бөлісіп тұрады.

Әзірге бұл бейнеге қатысты оқиғаны ішкі істер органдары растаған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы