Бас жаңалықтар
Жедел жәрдем колоннасы астаналықтардың зәресін алды
VIDEO
12 Желтоқсан 2019, 10:30 4522

Жедел жәрдем колоннасы астаналықтардың зәресін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында оншақты жедел жәрдем көлігі колоннамен жүрген видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап жатыр.

Жедел жәрдем колоннасы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының жанынан өткен.

Видеодан оншақты жедел жәрдем көлігі дабыл белгілерін қосып, қатты жылдамдықпен жүйткіп өткендерін көруге болады.

Мұнша көп жедел жәрдем көлігін көрген астаналықтардың зәрелері ұшып кеткен. Олар қалада төтенше жағдай болып қалды ма деп ойлаған.

Оқиғаның мән-жайын Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасында түсіндіріп берді.

Олардың айтуынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында жедел жәрдем стансасына 52 жаңа көлік берілген екен.

Көліктерді 12 желтоқсан күні, таңғы сағат 8:30-да берді. Кілтті қала әкімі берді. Бұл дегеніміз жедел медициналық жәрдем қызметін жаңартып, елорда тұрғындарына сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді, - деді баспасөз қызметінде.



Фото: дереккөз
Загрузка...