Бас жаңалықтар
Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкері қызметінен кетті
03 Маусым 2019, 09:59 415

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкері қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров қызметінен кетті. Бұл туралы жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков хабарлады. 

Осы жылдың 1 маусымында Егоровтың келісімшарты аяқталған. Әзірге оның орнына ешкім келген жоқ. Бас хатшы жаңа бас бапкер іздестіріп жатқанын айтты. 

Айта кетейік, ол бұл қызметке 2017 жылдың 1 мамырында кіріскен болатын. Екі жылдың ішінде оның басшылығымен ұлттық құрама 2017 жылғы әлем чемпионаты, 2018 жылғы Азия ойындарына қатысты. Одан бөлек, Азия чемпионаты және басқа да бірнеше халықаралық додаларда бақ сынады. 

Григорий Егоров – спортшы ретінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген. 1988 жылғы Сеул Олимпиадасында сырықпен секіруден қола жүлдегер атанған. Штугартта (1993 ж) өткен әлем чемпионатының және жабық кешендегі әлем чемпионатының (1989, 1993 жж), Еуропа чемпионатының (1990 ж) күміс жүлдегері. Азия ойындарының жеңімпазы (2002 ж), Азия чемпионы (2003 ж). Сырықпен секіруден Азия рекордсмені (5.90 м).   

Спорттық карьерасын аяқтаған соң, 2003 жылы отбасымен Испанияға көшіп кеткен. Сол елдің азаматтығын алған.


Фото: дереккөз
Загрузка...