Жастар жылына қосымша 25 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді - Әбдіқалықова

26 Наурыз 2019, 11:51
2601
Бөлісу:
 Жастар жылына қосымша 25 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді - Әбдіқалықова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет отырысында әріптестерін Жастар жылын өткізуге қатысты қолдау көрсетуге шақырды. 

Үкімет Жастар жылына арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін бюджеттен 100 млрд теңге жоспарлаған болатын.

Осыған орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Парламент Сенатында бюджетке өзгерістер енгізу қарастырылып жатқанын атап өтті. 

«Осы бюджетке 24,6 млрд қосымша қаралып отыр. Ең басты мәселе жастарды жұмысқа тарту, іс бастау үшін грант беру, жастар практикасына аса көңіл бөлу болмақ. Бұл мәселелер тек әлеуметтік министрлікке емес, барлық министрлікке қатысты болып отыр. Соған байланысты әріптестерді Жастар жылын өткізуді қолдауға шақырамын», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Назерке Абибулла
Өзгелердің жаңалығы