Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде тағы бір жастарға арналған «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жастар жобасы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты.
Оқи отырыңыз:
Атауы түсініксіз, калька аударма негізінде жазылған бағдарлама 9 қарашада басталады.
Президент тапсырмасына сәйкес жастардың цифрлық және кәсіптік білім деңгейін арттыру, спорттық-шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелерін назарға алып отырмыз. Осы мақсатта 9 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық онлайн жастар жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жастарды жаңа болмыс жағдайында біріктіру, зияткерлік қабілеті мен тұлғалық капиталын дамыту, сонымен қатар дағдыларын шыңдауға, жаңа қырларын ашуға, кәсіпкерлік, волонтерлік қызметін дамыту үшін жағдай жасау, - деді Шахмардан Байманов.
Ол биыл бұл бағыттағы онлайн іс-шаралардың біршамасын онлайн форматта өткізу жоспарланған деп отыр.
Сол себепті қазіргі күрделі жағдайды ескере келе республикалық онлайн жастар жобасын жүзеге асыруды жөн деп санадық, «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» республикалық жобасы - дәстүрлі іс-шара. 2018 жылы «Зеренді» республикалық білім лагерінде жоба ұйымдастырылған. Содан бері үшінші рет өткізілгелі отыр. Жобаға үш жылдың көлемінде белсенді жастар қатысқан, - деді комитет төрағасы.