Президент жас кәсіпкерлерге бөлінетін қаржыны екі есе арттыруды тапсырды

23 Қаңтар 2019, 14:08
4556
Бөлісу:
Президент жас кәсіпкерлерге бөлінетін қаржыны екі есе арттыруды тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.


«Жас ғалымдарға гарант беру міндетті түрде болуы керек. Осыны жасайтын болсақ үш жыл ішінде 300 мыңға жуық жас бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Кем-дегенде 80 мың адам немесе олардың ¼ өз кәсібін бастап кететін болады. Университетте соңғы курстарында оқитын 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет. Көп мемлекетте 4-5 курстарда бизнеспен шұғылдана бастайды. Әрбір компаниялар оларға келіп өздерін үгіттейді», - деді Назарбаев. 

Осы орайда мемлекет абсшысы Үкіметке бұл бағдаралманы жүзеге асыру үшін 2019-2020 жылы үш жылдың ішінде 32 млрд теңге бөлуді тапсырды.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

 Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы