Жапонияда Мю штамын жұқтырған екі науқас анықталды

2 Қыркүйек 2021, 17:19
7869
Бөлісу:
Жапонияда Мю штамын жұқтырған екі науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет Колумбияда анықталған Мю штамы ғаламшардың басқа бетінде тіркелді. Оны жапониялық әуежайдағы тестілеу кезінде тіркеген.

NHK хабарлауынша, Жапонияда коронавирустың Мю штамын жұқтырған екі жағдай анықталды. Инфекция жұқтырғандардың елге маусым және шілде айларында басқа мемлекеттен келгендері белгілі болды.

40 жастағы әйел шілденің соңында БАЭ-ден Нарита әуежайына ұшып келген. Ал 50 жастағы жолаушы маусымның басында Ұлыбританиядан Ханэда әуежайына қонған.

Ғалымдардың сөзінше, Мю COVID-штамы вакцинациядан кейін иммунитетті төмендетіп жіберуге қауқарлы.

Қазір коронавирус штамының түр-түрі бар. Оның ең кең тарағаны - Дельта штамы. Ол осы уақытқа дейін 170 елде тіркелді. 

Өзгелердің жаңалығы