Жапонияда 30 адам тайфуннан зардап шекті

23 Қыркүйек 2019, 10:36
2295
Бөлісу:
Жапонияда 30 адам тайфуннан зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тапа тайфуны Окинава және Кюсю аралдарына көп шығын әкелді. 60 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Тайфун салдарынан 30 адам зардап шекті, деп хабарлады NHK телеарнасы.

Кюсю аралдарында 50 мың үйде, ал Ямагути префектурасында 10 мыңға жуық үйде электр жарығы жоқ. Тапа тайфуны салдарынан Жапония мен Оңтүстік Кореяның 900 әуерейсі кейінге шегерілді. 

Ал осыған дейін Токио маңында жойқын дауыл салдарынан 500 мың үй жарықсыз қалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы