Жапаров: Екі-үш жылда Қырғызстанды дағдарыстан шығарамын

11 Қаңтар 2021, 01:27
2356
Бөлісу:
Жапаров: Екі-үш жылда Қырғызстанды дағдарыстан шығарамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері бойынша 10 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауында 79,2% дауыс жинап Садыр Жапаров алдыға шықты.

Ол алдын ала жиын өткізіп, алдағы үш-төрт жылда елдің қолдауы бүгінгіден де көбірек керек екенін айтты. Ол өзін қолдаған сайлаушыларға ризашылығын білдірді.

Әрбір қырғызстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маған жәрдем беріңіздер. Біз бұған дейінгі басшылардың қателігін қайталамайтын боламыз. Барлығы ашық болады. Үкіметтің есігі ел үшін қашан да ашық. Біз саяси қудалауға жол бермейміз. Кім де кім заң бұзса, заң шеңберіндежауап беруі керек – деді ол.

Қырғыз елінің ОСК-ның соңғы мәліметіне қарағанда, кезектен тыс президент сайлауы мен мемлекетті басқару формасын анықтауға қатысты референдумға елдегі жалпы сайлаушылардың 38,70%-ы қатысқан. Бұл Қырғызстан уақытымен кешкі 21:50-дегі ақпарат.

Қырғыз халқының 3 563 574-і сайлау беруге құқылы. Соңғы ақпарат бойынша олардың 1 581 569-ы дауыс берген.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге қатысты референдум бойынша:

- Президенттік басқаруды қолдағандар - 81,27%;

- Парламенттік басқаруды жақтағандар – 10,82%;

- Екеуіне тең қарағандар – 4,42%.

Өзгелердің жаңалығы