Жаным ашып тұр – Әйтімова Суханбердиеваның тұтқындалуына байланысты

6 Маусым 2019, 15:14
4519
Бөлісу:
Жаным ашып тұр – Әйтімова Суханбердиеваның тұтқындалуына байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Бірғаным Әйтімова білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қамауға алынуына байланысты пікір білдірді.

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова жаңалықты әлеуметтік желіден оқығанын айтты.

«Менің әзірше ешқандай мәліметім жоқ. Сіздер сияқты әлеуметтік желілерден қарап отырмын. Сондай жұмыскер, қызметкер тұлға. Бәрі дұрыстап зерттеліп, тексеріп, содан кейін дұрыс шешім қабылданатын шығар деп ойлаймын. Бірақ мен үшін күтпеген мәселе. Қайғыланып, жаным ашып тұр», - деді Әйтімова Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда.

2005-2007 жылдар аралығында Бірғаным Әйтімова ҚР Білім және ғылым министрлігін басқарған. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР БҒМ вице-министрі тұтқындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы