Жануарларға қатысты құқықтық вакуумды жою керек – Сәрсенова

2 Қазан 2020, 11:18
1828
Бөлісу:
Жануарларға қатысты құқықтық вакуумды жою керек – Сәрсенова
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының жетекшісі Лилия Сәрсенова жануарларға ізгілікпен қарауды заңнамалық реттеу мәселелері жөніндегі конференция барысында айтты.

Қазір Экология министрлігінде жұмыс жүріп жатыр. Алайда бізге қоғамдық талқылау өте маңызды. Себебі көп адам заң жобасы мен оған ілеспе заң болатынын түсіне бермейді. Жеке заң жобасы не үшін керек? деген даулы сұрақ бар. Қазір құқықтық вакуум  бар. Жануарларға ізгілікпен және жауапкершілікпен қарайтын нормалар бекітілмеген. Заңнама мен заң жобаларын біріктіретін  хаб керек. Себебі қарама-қайшылықтар өте көп, - деді Сәрсенова. 
Ол атап өткендей, елімізде үйсіз жануарларға арналған 30-ға жуық пана бар.
Алайда бұл мәселе бойынша да көп сұрақ бар. Жануарларға арналған пана жайлы айтқанда, мемлекеттік пана туралы айтуға тура келеді. Ал мемлекеттік органдар ол туралы айтуға дайын емес. Себебі Қаржы министрлігі жануарларды асырау артық шығын деп есептейді. Ал азаматтық кодекс бойынша жануарларды асырау орны міндетті түрде болуы керек. Оларды кем дегенде 2 ай асырауға кепілдік  берілуі керек, - деді ол.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Жолдауындағы гуманизм жолымен жүретін болсақ, олар үшін арнайы орындар ашылуы керек. 
Мәселен, иттер арасында спорттық тестілеу сынағын өткізуге рұқсат бар. Ал ол арқылы тұқымды иттер арасында төбелес ұйымдастырылады. Оған заң бойынша тыйым салынбаған. Оны әрбір мәслихат шешеді. Сол үшін де біз заң жобасы әзірленгенін қалаймыз, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы