Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

13 Қараша 2020, 08:56
2205
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта WBO Global титулының иегері боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлем чемпионы титулы үшін болатын өзінің келесі жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады.

Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингісінде 9-шы орында тұр. Осы ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) батыл түрде айқасқа шақырды. 

WBC рейтингісінде нөмірі 6. Дайын бол , Чарло, 2021 жылы жұдырықтасатын боламыз, - деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында. 

Одан кейін ол «2021 жылы мен чемпион боламын!» - деді.

Өзгелердің жаңалығы