Жанармай бекетінде газ жарылып, бір баланың беті күйіп қалған

5 Маусым 2019, 11:50
3260
Бөлісу:
Жанармай бекетінде газ жарылып, бір баланың беті күйіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордадағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде газ жарылып, бір бала жарақат алды. Ол газ баллонын толтыру үшін кезекке тұрған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.

«Қызылордадағы «Қызылорда-ГАЗ» ЖШС жанар-жағар май құю станциясының аумағында газ жарылды.  Оқиға автобусқа жанармай құю кезінде орын алған. Соның салдарынан беті мен қолы күйіп кеткен2004 жылы туған  Аманұлы есімді азамат ауруxанаға жеткізілді. Ол осы жанармай құю станциясының тұтынушысы. Азамат  отандық газ баллонына тапсырыс беру үшін жанармай құю бекетінде кезекте тұрған», - деді Беккер.

Оның айтуынша, енді нормативтік құжаттарға сәйкес, жанар-жағар май станцияларында тұрмыстық газ баллонын толтыруға тыйым салынады.

«Бұл газдың жанармай құю бекетінде мұндай салдарға әкелетін жұмыс тәртібі бұзылғанын көрсетеді», - деді ол.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы жыл басынан бері 70-тен астам адамның суға кеткені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы