Жаңа жағдайдағы білім беру: NIS-те журналистерге арналған байқаудың қорытындысы жарияланды

24 Маусым 2021, 20:45
5862
Бөлісу:
Жаңа жағдайдағы білім беру: NIS-те журналистерге арналған байқаудың қорытындысы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды.

Мектептің баспасөз қызметінің хабарлауынша, білім беру тақырыбындағы материалдарды республикалық және өңірлік БАҚ-тың 110-нан астам корреспонденті, сондай-ақ фрилансерлер ұсынды. Байқауға қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі жанрдағы 500-ден астам материал келіп түсті.

Телеарналар, газеттер, Интернет-порталдар, радиокомпаниялар еліміздің медиа кеңістігінің сан алуандығын аңғартады: Хабар 24, КТК, Qazaqstan, 31 арна, Хабар, Бірінші канал Евразия, Еgemen Qazaqstan, Время, Forbes, Казахстанская правда, Караван, Білімді ел – Образованная страна, Экспресс K, Kazinform, Baq.kz және басқа да танымал БАҚ-тар. Көптеген жұмысты ең белгілі редакциялардың журналистері ұсынды. ⠀

Жұмыстарды құрамына Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Аида Балаева, ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Пресс-служба» журналының бас редакторы, «Пресс-служба года» халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы Тимур Асланов (Ресей Федерациясы), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің басшысы Мира Алипинова енген беделді қазылар алқасы сарапқа салды.

Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсіміне журналистерді ерекше қоңырау сыңғыры шақырды. Бұл елордадағы алғашқы Зияткерлік мектепте соғылған алғашқы қола қоңырау. Рәсімге жеке қатыса алмаған қатысушылар үшін NIS-тің Youtube арнасында тікелей эфир ұйымдастырылды.

 

Байқаудың мақсаты –  жаңа жағдайда қазақстандық мектепті ақпараттық қолдау, – деп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова  журналистер қауымын құттықтады.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев пандемия кезінде білім беру мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін журналистердің жауапкершілігі арта түскенін атап өтті.

Әріптестердің әріптесі ретінде Президентітің кеңесшісі Бауыржан Омаров пен «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қатысушыларды құттықтап, марапаттарын табыс етті.

Журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауының жеңімпаздары атанғандар:

Батырхан Тогайбаев, Forbes іскерлік журналының бизнес-талдаушысы

Білім беру мәселелері бойынша аналитикалық шолулар үшін

Оңғарбек Құралов, «Шалқар» радиосының жетекші редакторы

Қазіргі БАҚ-тағы тіл мәселелеріне арналған бағдарламалары үшін

Риза Молдашева, «Семей таңы» қалалық газетінің бас редакторы

«Ұстаз таңы» тақырыптық жолағы үшін        

Ақмарал Майкозова, республикалық «Время» газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі

Ең үздік тақырып үшін (Как тебе такое, Илон Маск?)                      

Думан Анаш, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті бас редакторының орынбасары

Жаңа жағдайдағы білім беру туралы материалдар топтамасы үшін⠀

Любовь Доброта, «Казахстанская правда» республикалық газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі

Инклюзивті білім беруге арналған очерк үшін

Гүлбағда Көбеева, «КТК» телеарнасының Нұр-Сұлтан қаласындағы бюро тілшісі

Қашықтан білім беру мәселелері туралы сыни репортаждар үшін

Алибек Байшуленов, «Кызылординские вести» облыстық газетінің тілшісі

«Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тоғызыншы Наурыз кездесулерінен «Хабар» телеарнасында тікелей қосылулар сериясы үшін

Гүлбақша Ақажанова, «Сарыарқа» облыстық телеарнасының шеф-редакторы

Инклюзивті білім беру тақырыбындағы арнайы репортажы үшін

Анна Шоллгина, «Хабар 24» телеарнасының Жаңалықтар бөлімінің тілшісі

Зияткерлік көші-қон туралы арнайы репортажы үшін.

 

Байқау лауреаттары:

 

Мирлан Алтынбек, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі

Эльвира Бөкенбаева, республикалық «Egemen Qazaqstan»  газетінің тілшісі

Асель Муканова, «Казахстанская правда» республикалық газетінің аға тілшісі, Нұр-Сұлтан қаласы

Светлана Офицерова, «Учительская плюс» білім газетінің редакторы,

Сания Байтарова, Талдықорған қаласы «Жетісу» телеарнасының редакторы

Галина мен Виктор Вологодскийлер, «Караван» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінің тілшілері

Талғат Әділов, «Хабар 24» телеарнасының Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі

Жания Әбдібек, Atameken Business телеарнасының тілшісі

Гүлжан Раманкулова, BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі

Әлішер Өмірзақ, «Астана» телеарнасының тілшісі

Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Шамшырақ» арнайы номинациясының жеңімпазы белгілі болды. Номинацияны «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен» әлеуметтік жобасы үшін «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің бас редакторы Ляззат Туркестанова лайық деп танылды.

Зияткерлік мектеп оқушылары журналистерге арнап мерекелік концерт дайындады, онда NIS-тің үздік шығармашылық ұжымдары: Орал және Ақтөбе Зияткерлік мектептерінің би ансамбльдері, елордадағы физика-математика бағытындағы мектептің домбыра оркестрі және өскемендік жас вокалистер өнер көрсетті.

 

Журналистерге арналған келесі байқау NIS жүйеcінің 15 жылдығына орай 2023 жылға жоспарланған.


 


 

Өзгелердің жаңалығы