Бізге жаңа экономикалық бағыт керек – мемлекет басшысы

24 Қаңтар 2020, 12:46
2042
Бөлісу:
Бізге жаңа экономикалық бағыт керек – мемлекет басшысы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысының кеңейтілген отырысында айтты. 

Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяулады. Бұл туралы қазақстандық және шетелдік сарапшылар айтуда. Сондықтан экономикаға қатысты түбегейлі, тіпті, радикалды реформалар бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Бізге жаңа экономикалық бағыт керек. Ол қазіргі таңда бар проблемаларды нақты көрсетіп, шешу жолдарын анықтайды. Реформаларды іске асыру үшін, ең алдымен, мықты жігер керек. Үкімет осы қасиетті көрсетеді деп үміттенемін. Басқа жол жоқ, өйткені уақытымыз да жоқ. Әзірге мемлекеттік аппарат негізгі шешімдерді баяу қабылдайды. Себебі олар көптеген нормативтік актілерді ескеріп, ведомствоаралық келісімдерге келу керек. Бұлай жұмыс істеуге болмайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, премьер-министр қадағалаушы ретінде жұмыс істемеуі керек. Ол шенеуніктер онсыз да істеуі керек жұмыстың жылдамдығы мен сапасын, бағдарламалардың орындалу барысын бақыламау қажет. Себебі оның алдында басқа міндеттер тұр. 

Осыған орай мемлекеттік аппарат тиімді әрі жылдам қызмет етуі керек. Біз мемлекет алдында тұрған стратегиялық маңызды мақсаттарға тек осылай жете аламыз. Бұл бірінші кезекте, халықтың әл-ауқатын көптеген жұмыс орындарын құру және жақсы жалақы төлеу арқылы көтеруіміз қажет. Бұл міндет адам капиталын арттыру қажеттілігіне тығыз байланысты. Басқару және технологиялық құзіретті арттырмай, мықты экономика құру мүмкін емес, - деді президент.

Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылау үшін сөз алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев . 

Өзгелердің жаңалығы