Бас жаңалықтар
Жамбылда жаңа нысандар көбірек салыну керек – Бердібек Сапарбаев
25 Ақпан 2020, 23:35 158

Жамбылда жаңа нысандар көбірек салыну керек – Бердібек Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақта жаңа нысандардың көбірек салынуы керектігін айтты. Бұл туралы Тараз қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында айтылған.

Аймақ басшысының айтуынша, Тараздағы барлық бастамалар мен игі жобалар жалғасын табады. Алайда, құрылыс жүргізуде тек қазына қаражатына ғана сенім артуға болмайтынын, бұл тұрғыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, бизнес-құрылымдарды белсенді тарту мүмкіндіктерін барынша іздестіру керектігі көтерілді.

Аталған жиында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев 34 мың тұрғынға арналған 15-шағын ауданда жүзеге асатын жобаларды баяндады. Шаһар басшысының мәліметінше, алда 8 мәдени-спорттық нысан, сондай-ақ 17 гектарға саябақ құрылысы жүргізіледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...