Жамбыл облысында халықтың орташа табыс көзі екі есеге өсті

3 Тамыз 2021, 10:33
2560
Бөлісу:
Жамбыл облысында халықтың орташа табыс көзі екі есеге өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Жамбыл облысындағы тұрғындардың табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны кеңінен тарату» туралы мәлімдемесінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Оның айтуынша, облыс көлеміндегі халықтың көбі ауылдық мекенде тұрады. Жоба бойынша барлық өңірде іске асырылды.

Облысымызда 1 миллион 200 мың халық тұрады. Оның 60 пайызы ауыл тұрғындары, яғни 608 мың адам. Соның 328 мыңы еңбекке қабілетті. Ел басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы ауылдың табысын арттыру үшін пилоттық жоба жүзеге асқан болатын. Бұл жобаны іске асыруға республикадан 7,5 млрд пайыздық мөлшерлемесі 2,5 пайыз несие берілген болатын. Қосымша жергілікті бюджеттен 2,5 млрд ақша қаралды. Соның нәтижесінде 8337 аула, яғни 51 мың тұрғын қамтылды. 10 аудан, 11 елді мекенге 2400-ден астам несие берілді, - деді ол.

Сонымен қатар ол жобаның 5 бағыт бойынша іске асқанын айтты.

Бұл жоба бес бағытта жүзеге асты. Оның бірінші бағыты үй іргесіндегі жерлерді пайдалану. Екіншісі, малдың басын көбейту. Үшіншісі, ауылдың сыртындағы жерлерді пайдаға жарату. Төртіншісі, оларды техникамен қамтамасыз ету. Бесіншіден, олардың кәсіп бастауына қолдау көрсету, - деді Жамбыл облысының әкімі.

Онымен қоса, облыс деңгейінде іске асырылып отырған жобада 95 пайыз аулалар қамтылғанын атап өтті.

Бұның нәтижесінде 95 пайыз аулалар жоба бойынша қамтылып отыр. 11 ауылдың өзіне 45 мыңнан астам мал сатылып алынды. 10 гектардан астам жер біріктіріліп, корпоратив құрылды. 190 техника сатып алынды. 11 кәсіп ашылып, олар өңдеу, жылы жайлар, онымен қоса қаржылық есептен тыңайтқыштар алынды, - дейді Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы