Жамбыл облысында екінші отандық вакцина зерттеуден өткізіліп жатыр

10 Қыркүйек 2021, 19:02
1838
Бөлісу:
Жамбыл облысында екінші отандық вакцина зерттеуден өткізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов хабарлады. Оның айтуынша, екінші қазақстандық вакцина Тараз қаласындағы көпбейінді ауруханада зерттеуден өткізіліп жатқан көрінеді.

Отандық екінші суббірлікті вакцина клиникалық сынақтың бірінші мерзімі аяқталды. Оған 44 адам қатысты. Екінші кезеңге 200 адам жинақталып жатыр. Қазір 130 адам талдаулар өткізіліп, тексеріліп, вакцина салынды. Қалған 70 адамды зерттеу үстіндеміз. Зерттеуден дұрыс өткен жағдайда еріктілерге де вакцина егеміз, - деді Хамит Мырзақасымов.

Сондай-ақ жаңа вакцинанының клиникалық зерттеуіне аудандардан еріктілер де қамтылыпты.

Басқа аудандардан еріктілерді әкелгеніміз рас. Қордай және басқа аудандардан келді. Олар Тараздағы көпбейінді аурухананың базасында тексерістен өтеді. Базаның өз зертханасы бар. Тексерулер 6 айға созылады. Еріктілердің келісімімен 6 ай ішінде олар кестеге сәйкес талдау тапсыруға, тексерілуге келіп тұрады, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы