Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері күннің қатты ысуына байланысты Жамбыл облысында дабылды ескерту жасады.
"12-17 шілдеде күндіз Жамбыл облысында 41°С қатты ыстық күтіледі. Тараз қаласында 12-17 шілдеде күндіз 38-40°С қатты ыстық күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.