Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында бапкер бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді
30 Мамыр 2019, 19:06 446

Жамбыл облысында бапкер бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау және спорт басқармасының армрестлинг бойынша бапкерінің жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Ол жалған алғытөлем есептемелерін ұсыну арқылы іссапар шығындарына бөлінген 8 млн теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыруда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына және жеделдетілген сотқа дейінгі өндірісті қолдану туралы өтінішіне байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ", - деп хабарлады Ұлттық бюрода.

Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді сот оның кінәсінің дәрежесі анықталған соң шығарады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...