Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында 53 бала ауырып жатыр
27 Шілде 2021, 11:08 712

Жамбыл облысында 53 бала ауырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты.

Өкінішке қарай, балалар арасында да коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар бар. Қазір облыста 53 бала ауырып жатыр. Оның біреуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Балаларды вакцинациялауға келсек, бұл мәселе әлі талқыланып жатыр. Мемлекет басшысының сынақтан өткен Pfizer вакцинасын егу туралы тапсырмасы бар. Оны балаларға да егуге болады. Қазір ата-аналардың рұқсатымен 12 жастан асқан балаларға егу жүзеге асырылады. Бұл мәселе әлі толығымен шешілген жоқ. Қазір мәселе талқыланып жатыр, - деді Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, вакцинаның тиімділігі 12 жастан үлкен балаларға тексерілген.

Егер де нақты зерттеу жұмыстары жүзеге асырылып, дәлелденсе, жас мерзімі кеңейтілуі мүмкін, - деді Қалиев.

Басқарма басшысы айтқандай, вакцина алғаннан кейін де ауру жұқтырған жағдай тіркелген.

Кейбіреуі алғашқы компонентті алған, кейбіреуі екінші компонентті алып, иммунитет толық қалыптаспай, ауырып қалғандар бар, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...