Жалпы республикалық карантин қашан енгізіледі?

14 Қазан 2020, 12:51
3872
Бөлісу:
Жалпы республикалық карантин қашан енгізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі инфекциялық ауруханалардың төсек орын қоры 70 пайызға дейін толып кетсе, карантин шаралары қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен олнайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Ал әзірге жалпы республиканы каратинге жабу жоспарда жоқ. Күшейту шаралары жұқтыру көрсеткіші жоғары өңірлер мен елді мекендерде жеке-жеке жүргізіледі.

Қазір шекарадағы санитарлық талаптарды күшейту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Өйткені сырттан әкелінетін вирустың елге таралып кетпеуінің алдын-алу маңызды екенін барлықтарыңыз білесіздір. Барлық өткізу пункттерінде, әуежайларда өзге елден келген азаматтарды жіті тексеру қолға алынған. Өздеріңізге мәлім, олар елге келісімен ПТР сынамасын тапсырып, нәтижесі шыққанға дейін оқшауланулары тиіс, - деді ол.

Оның айтуынша, барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Егер инфекциялық ауруханалардағы төсек орынның 70 пайызы толық болса, жағдайды ушығып кетпеуі үшін қатаң шаралар қолданылатын болады. Ал қазір тек нақты елдімекен, өңірдің жағдайына қарай шаралар қабылдануда. Алайда өңірлердегі карантиндік шаралардың күшейтілуі олардың жабылатынын білдірмейді.

Әр өңір эпидемилогиялық жағдай тұрақтанғанша бірқатар шектеулер енгізеді. Алайда әлеуметтік нысандар жұмыс істей береді, көлік қатынасы тоқтамайды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы