Төтенше жағдай. Қысқартылған жұмыс үшін жалақы азаяды – министр

16 Наурыз 2020, 17:49
7431
Бөлісу:
Төтенше жағдай. Қысқартылған жұмыс үшін жалақы азаяды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде апталық 5 жұмыс күні 3 күнге қысқарса, қызметкер 3 күндік жалақысын алады.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбектов ОКҚ онлайн-брифингте айтты. 

Ел президенті төтенше жағдай жариялады. Әрине, осы жағдайға қатысты біздің біраз мекеме, кәсіпорындардың жұмысына шектеу қойып, кейбірлерін тоқтатуға мәжбүр болады. Осыған байланысты жұмысшылардың жұмыс істеу режимі де өзгереді. Осыған қатысты бүгін мен бүкіл жұмыс берушілерге өздерінің жұмыскерлерінің алдында үлкен әлеуметтік жауапкершілікті танытып және Еңбек заңдылығын толығымен сақтауға шақырамын және біздің жұмыс істеп жүрген азаматтардың өздерінің еңбек құқықтарын білуі өте қажет. Осыған қатысты кішкене түсініктеме беріп кеткім келеді, - деді министр.

Сондай-ақ жұмыс беруші жұмыс күнін не сағатын қысқартса, жалақыны атқарған жұмыс күндері үшін ғана төлейді. Бұл Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі.

Егерде жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен жұмыс режимін қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Бұл дегеніңіз, я болмаса, аптасындағы жұмыс күндерінің саны азаюы мүмкін. Немесе бір күндегі атқарылатын жұмыс сағаты азаюы мүмкін. Немесе жұмыс күні мен бірге сағаты да азаюы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар жалақысын сол атқарылған жұмыс уақтысына алатын болады. Яғни, мысалы, егер аптасына қысқартылған жұмыс күні 5 күннен 3 күнге қысқартылатын болса, үшкіндік жалақыны аптасына алады. Егер бір күнде 8 сағаттың орнына 4 сағат жұмыс істейтін болса, 4 сағаттың жалақысы төленетін болады. Мұны толық емес жұмыс күні Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі, - деп түсіндірді Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы