Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс болды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Видео: inbusiness.kz
Ескерту: Видеода бейпіл сөздер болуы мүмкін
Бірнеше шетел жұмысшы азаматтары жеңіл түрде жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
"Жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов барды. Жәйрем кентінде аймақ басшысы кент тұрғындарымен және Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.