Жұмысты жалғастыру қажет - Мамин

21 Шілде 2020, 10:48
1870
Бөлісу:
Жұмысты жалғастыру қажет - Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін онлайн Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин "Қарапайым заттар экономикасы" туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қаражатты игеру қарқынын ұлғайту қажеттігіне назар аударды. Маңызды міндет – ішкі өндірісті жедел дамыту және өнеркәсіптік өзіндік қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату арқылы бүкіл экономикаға жаңа серпін беру. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет, - дейді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының шеңберінде 491,5 млрд теңгеге 2 мыңнан астам жоба мақұлданған.

Импорт алмастыруға бағытталатын жобаларды ойдағыдай іске асыру үшін қазіргі рәсімдік және жүйелік тосқауылдарды жою қажет.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржыгерлер қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірге банктердің бизнес-процестерін оңтайландыру мүмкіндігін, атап айтсақ, кредиттік өтінімдерді қарау мерзімін, құжаттар тізбесін қысқартуды және кепіл саясатын оңайлатуды қарастыруы керек. Жүйелік тосқауылдар бойынша Жобалық офистың жұмысы аясында  Ұлттық банкпен бірге айналым капиталын 100 пайыз қаржыландыруды кеңейту мүмкіндігі тұрғысынан жұмыс жүргізуді тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы