Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамынша, 29 мамырда бес облыс аумағында аптап ыстық болады. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жауады, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Оқи отырыңыз:
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты аптап ыстық болады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.