Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде бүгін "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылатын болады, - деді судья Әлімова.
Бүгін, 3 наурызда осы іс бойынша сот отырысы өтті.
13 ақпанда Жәкішев тағы бір рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергені белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та оның ісі туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы өз сұқбатында Жәкішев ісіндегі сот шешімі әділ болады деп санайтынын айтқан.