Зейнетақының бір бөлігін болашақта үй алу үшін депозитке аударуға бола ма?

22 Қаңтар 2021, 15:17
2806
Бөлісу:
Зейнетақының бір бөлігін болашақта үй алу үшін депозитке аударуға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үй алуға ақшаны шешіп алу үшін қанша қаражат болуы керек немесе жинақтың бір бөлігін болашақта үй алу үшін депозитке аударуға бола ма?

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен онлайн брифинг кезінде редакциямыздың жолдаған сауалына «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев жауап берді.

 Бүгінгі күні бекітілген ережеге сәйкес шектілікті мөлшері үстіндегі соманы шешіп алып, оны депозитке салып қоюға рұқсат жоқ. Бұл жерде тек жеткілікті шегі үстіндегі соманы алғашқы жарна ретінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатыспай, алдында депозитіңіз болмай, бірден 50%-ын салып, үй алуыңызға болады. Бірақ оны (тілші – Бірыңғай зейнетақы қорындағы соманың бір бөлігін) шешіп алып, депозитімді өсіремін деп пайдалануға болмайды. Себебі оған арнайы мемлекеттік сыйақы, банктің мөлшерлемесі қосылады, - деп түсіндірді ол баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, ертең, яғни 23 қаңтарда «Отбасы Банк» өтініштер қабылданатын  онлайн платформаны іске қосады.

Өзгелердің жаңалығы