Әбдіқалықова «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар лагеріне барды

10 Шілде 2019, 18:54
1987
Бөлісу:
Әбдіқалықова «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар лагеріне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар лагерінің қатысушыларымен кездесті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Бұл шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Жастар жылы аясында ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты – Қазақстанның барлық өңірлерінде нақты қызмет ететін, тұрақты әлеуметтік бағытталған бизнес-жобаларды іске қосу.

Гүлшара Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жастар-біздің болашағымыз. Біздің міндетіміз - оларды қазіргі әлемде өмір сүруге үйрету» деген сөзіне басты назар аударды. 

Вице-премьер қазіргі таңда Қазақстанда жастардың зияткерлік әлеуетін ашу үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасына сәйкес еліміздің тыныс-тіршілігінің барлық салаларында 89 іс-шара жүзеге асырылуда. Басты назар жастарға нақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін үш жыл ішінде 9 мың жалға берілетін пәтер бөлу мәселесі шешілуде.

«Жас маман» жобасы шеңберінде 180 колледж бен 20 университеттің материалдық-техникалық базасын жетілдіру қарастырылған. Жастар кәсіпкерлігін дамыту «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде жастардың стартап-жобаларын гранттық қолдау 505 мың теңгеге дейін көзделген.

Шара соңында Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпаздарға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және цифрландыру саласындағы үздік жобалар үшін сыйлықтар табыс етті. Жобаның жалпы жүлде қоры 15 млн теңгені құрайды.

Жалпы, «Зерен-2019» жобасы 2019 жылдың 3 және 30 шілде аралығында 9 күннен бөлінген 3 маусымда өтеді. Оған барлығы 600-ден астам жас жігіттер мен қыздар қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы