Бас жаңалықтар
Зеленскийдің алғашқы тағайындауларды қашан жүргізетіні айтылды
12 Мамыр 2019, 12:14 594

Зеленскийдің алғашқы тағайындауларды қашан жүргізетіні айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің сайлауалды штабының жетекшісі Дмитрий Разумков алғашқы тағайындаулардың қашан болатынын xабарлады. 

Оның айтуынша, жаңадан сайланған мемлекет басшысы алғашқы тағайындауларды ұлықтау рәсімінен кейін бастайды.

"Меніңше, заң бойынша алғашқы кадрлық тағайындауларға ұлықтау рәсімінен кейін рұқсат етіледі. Сол кезде  Зеленский президент әкімшілігін кім басқаратынын xабарлайтын болады», - деді ол NewsOne эфиріне берген сұxбатында.

Айта кетейік, Украинадағы президент сайлауының екінші туры 21 сәуірде өткен болатын. Елдің қазіргі президенті Петр Порошенко мен Владимир Зеленский қатысты. Орталық сайлау комиссиясы Зеленский 73,22% дауысбен жеңіске жетті деп xабарлады.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық