Өзбекстандағы жарылған дамбыға байланысты алғашқы күдіктілер ұсталды

23 Мамыр 2020, 12:40
2371
Бөлісу:
Өзбекстандағы жарылған дамбыға байланысты алғашқы күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның бас прокуратурасы Сардоба су қоймасындағы тасқынға байланысты қылмыстық іс қозғап, алғашқы күдіктілердің ұсталғандығын хабарлады.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде екі адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты "қамауға алу шарасы" қолданылды. Бұл іс бойынша шындықтың ашылуына кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алу үшін, қалған мәліметтерді жария ету мүмкін емес, - деп хабарлады Бас прокуроратура өзінің телеграмдағы арнасында.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталғандардың арасында су қоймасын эксплутациялау және дамыту дирекциясының басшысы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршы шақырым су астында қалды. Оның 76 шақырымы Қазақстанға тиесілі. Түркістан облысының 10 елді мекені су астында қалды. Эвакуацияланған тұрғындардың саны 30 мыңнан асты.
Өзгелердің жаңалығы