Өзбекстан өкпені жасанды желдету аппаратын өздері шығаратын болды

6 Сәуір 2020, 10:02
2831
Бөлісу:
Өзбекстан өкпені жасанды желдету аппаратын өздері шығаратын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Словакияның "Chirana" және ресейлік компаниялармен бірігіп, мамыр айынан бастап өкпені жасанды желдету аппараты мен наркозбен тыныс алу құрылғыларын шығара бастайды. Бұл туралы инновациялық даму министрлігі хабарлады.

Министрліктің айтуынша, өндірісті орналастырудың алғашқы кезеңінде шетелдік әріптестер 3 млн доллар көлемінде инвестиция құйып, 30 жұмыс орнын ашады. Екінші кезеңде 5-6 млн доллар көлемінде қаржы құйып, шамамен 100 жұмыс орны ашылады.

Өкпені жасанды желдету аппараты қазір әлемнің 12 елінде шығарылады. Біздің аппараттар бір саты емес, үш саты бойынша желдетеді. Өзбекстанда мұндай зауыттың болуы мемлекеттің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деді CHIRANA+ компаниясының бас директоры Василий Шимко.

Өзбекстан өнімді Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Ауғанстанға шығаруды жоспарлап отыр.

Соңғы дерек бойынша, Өзбекстанда 342 адамнан коронавирус табылған. 2 адам көз жұмған. 30 адам айыққан.

Өзгелердің жаңалығы