Заңгер митинг туралы заң жобасында қай елдің тәжірибелері ескерілгенін айтты

12 Наурыз 2020, 15:40
1792
Бөлісу:
Заңгер митинг туралы заң жобасында қай елдің тәжірибелері ескерілгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQKZ тілшісі. Заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова митингтерді өткізу туралы әзірлеген жаңа заң жобасында қай елдердің тәжірибелері ескерілгенін айтты.

Халықаралық тәжірибе тыңғылықты зерделенді, қаралды. Заң жобасы шығарушының халықаралық зерттеуіне қатысты барлық зерттеуіне сүйемелденіп жасалды. Аталған заңнаманы жасақтауда халықаралық заңнамалық шеберлік пен халықтық құқықтық тәжірибе зерделенді. Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция және Жапония сынды елдердің тәжірибесі ескерілді. Мемлекет пен халық арасындағы жауапкершілік реттеледі. Заң жобасы екі жақтың да жауапкершілігін қажет етеді, - дейді Сәуле Амандықова. 
Ол осы ретте демократияның ортасы саналатын АҚШ-тағы тәжірибені мысалға келтірді.
АҚШ-та ұйымдастырушы құзырлы органдарды ескертіп қана қоймай, қауіпсіздікке қатысты бірқатар шараларды қамтуы тиіс. Ол өрт, флора мен фауна қауіпсіздігіне байланысты. Сол кезде ғана ұйымдастырушылар шараны құқықтық алаңда өткізеді. Еліміздің конституциясында республиканың басты құндылығы адам құқығы мен бостандығы екені анық көрсетілген. Сондықтан да митингке қатысушы барлық адамдар құқығының сақталуы мемлекеттің де, ұйымдастырушының да мойнында болады, - деді заңгер. 
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "ҚР бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобаларының тұжырымдамалық тәсілдерін таныстырды.



Өзгелердің жаңалығы