Бас жаңалықтар
Қызылордада «Уылдырық шашу» науқаны аяқталды
12 Маусым 2019, 14:08 203

Қызылордада «Уылдырық шашу» науқаны аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс бойынша балық қорғау шаралары балықтардың уылдырық шашу және көбею кезеңінде өтті. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарлайды.

Мәселен, Кіші Арал теңізінің акваториясында 1 мамырдан 10 маусымға дейін, облыс аумағындағы өзге су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін.

«Уылдырық шашу» балық қорғау науқаны кезінде облыс бойынша 130 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, оның ішінде 57 іс әкімшілік шара қолдану үшін сот органдарына берілді, қалған 69 құқық бұзушыға қатысты айыппұл салынды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 98 балық аулау құралдары мен 2 626 кг түрлі балық тәркіленді», - дейді Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық