Бас жаңалықтар
Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті
26 Маусым 2019, 19:53 233

Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Форумға Ресей, оның ішінде Татарстан, Сингапур және Қазақстан мемлекеттерінен сарапшылар қатысты. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарлайды.

Баяндамашылар аймақтағы білім беру және жұмыспен қамту саласының келешегі, жылдам өзгеретін заманауи еңбек нарығы жағдайындағы жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер, сияқты өзекті мәселелер туралы айтты.

Форум модераторы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі Вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова.

«Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев форум жұмысына сәттілік тілеп, адам капиталын дамыту аймақтың басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Біз төртінші Интернет-форумды адам капиталын дамытуға арнап отырмыз. Өйткені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезеңде мемлекеттің экономикалық өсуінің шешуші факторы - адам капиталын қалыптастыру мен дамытуға байланысты инвестициялар. Әлемде білім беруді дамытуға мемлекеттік шығыстар бұрыннан әлеуметтік шығындар ретінде есептелмейді. Себебі бұл - табыс әкелетін инвестиция. «Барлығын кадрлар шешетінін» түсінеміз, сондықтан облыстық бюджеттің 40% астамын білім беру саласына бағыттаймыз», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Мәселен, Қызылорда облысында «HackDay» жас IT-мамандардың бірінші өңірлік фестивалі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Қызылорда жастары «IT-эшелон» жобасы аясында веб-бағдарламалау негіздері мен фронтенд-әзірлемелер бойынша ақысыз негізде оқытылуда.

Форумға онлайн және офлайн режимінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, «МИСиС» ҰТЗУ даму жөніндегі директоры Нұрлан Қиясов, BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек, Электрондық үкімет орталығының директоры/Сингапур ұлттық университетінің халықаралық бағдарламасының жүйелік ғылымдар институтының басшысы Ашок Кумар Ситхараман, «Иннополис» университетінің ректоры Александр Тормасов, сондай-ақ сандық технологиялар және адами ресурстарды дамыту саласындағы басқа да сарапшылар қатысты.

Интернет пайдаланушылары үшін облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (YouTube және Facebook) ресми аккаунттары арқылы онлайн трансляция ұйымдастырылды.

2016 жылы бірінші интернет-форум электрондық коммерцияны дамытуға, екінші (2017) - Байқоңыр қаласында кәсіпкерлікті дамытуға, үшінші (2018) – өңірде цифрландыруды дамытуға арналды. Айта кету керек, аталмыш форумдарды өткізу нәтижесінде облыста «Барс-Групп» татар компаниясымен бірлесіп «Электрондық балабақша» жобасы жүзеге асырылды. Бүгінгі күні жүйе 425 мектепке дейінгі білім беру мекемесіне енгізілді. Сондай-ақ, «Транстелеком2 компаниясымен бірігіп тұрғынүй коммуналдық шаруашылық шығындарын оңтайландыруды көздейтін «е-Шаңырақ» зияткерлік ақпараттық жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылды. Қазіргі таңда жүйе 6 көпқабатты үйге енгізілген, жыл соңына дейін тағы 170 үйді енгізу жоспарлануда.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық