Қызылорда облысында мұнай өндірісі төмендеді – министр

18 Ақпан 2020, 09:21
4980
Бөлісу:
Қызылорда облысында мұнай өндірісі төмендеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай тоқырау Ақтөбе және Павлодар облысында да байқалады. Қазір Үкіметтің кезекті отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын таныстырды. 

Бағдарламаның маңыздылығын айтпас бұрын, министр елдегі тіркелген кен орындары туралы қысқаша баяндады.

Елімізде сегіз мыңға жуық кен  орны тіркелген. Оның ішінде 317 көмірсутек, яғни мұнай-газ конденцат кен орындары болып тұр. Одан бөлек 910 кен орны қатты пайдалы қазбалар болса, үш мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбаларға тиесілі. Сонымен қоса, 4 мыңға жуық жерасты сулар кен орындары бар, - деді Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, елдегі мұнай қоры бірқатар облыста азайып кеткен. Басқа да кен орындарындағы жағдай мәз емес. Мәселен, моноқалалардағы қорғаныс, мырыш кен орындарында қор таусылып, өндіріс орны жабылып қалған.
Бүгінгі таңда бірқатар өзекті мәселе күн тәртібінде тұр. Атап айтсақ, моноқалалардағы тау-кен кәсіпорындарының шикізат бағасының тұрақсыздығы пайдалы қазба қорларының азаюы және байырғы кен орындарында өндіру көлемінің төмен деңгейге түсуі. Мысалы, Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндірудің көлемі 1 млн тоннаға дейін төмендеді. Осы мәселе таяу арада Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында да болжануда. Соңғы онжылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын орналасқан Шыманаиха, Юбилейный, Нигерехинск, Зырян ірі қорғаныс, мырыш кен орындарының қоры түгелдей таусылып жабылды. Ал, 25-40 жылдарға таман Орлов, Малей, Риддер, Сокольный сияқты кен орындарында да пайдалы қазба қорларының толықтау сарқылуы күтілуде, - деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі.


Өзгелердің жаңалығы