Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлікті қолдау үшін жасалған салықтық жеңілдіктер туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тақиев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлай баспасөз конференциясында айтты.
Төтенше жағдай кезінде Үкімет тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдану үшін жедел шаралар қабылдады. Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі жарлыққа сәйкес бизнесті қолдау үшін келесі салықтық шаралар қабылданды. Жыл соңына дейін сауда ойын-сауық орталықтары, театрлар, кинозалдар, көрмелер мен спорттық нысандар салықтан босатылады. Сонымен қатар, бұл тізімге қоғамдық тамақтану орындары, қонақ-үй және туристік қызмет агенттіктері, нотариустар, сот орындаушылар мен медиаторлар да кіреді, - деді вице-министр.
Сонымен қатар, Мәди Тақиев жеке кәсіпкерлер де жеке табыс салығынан босатылатынын айтты.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын төлемейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары биылғы жылдың 1 қазаннан бастап ККС үстемесі 12-ден 8-ге төмендеді. 1 қазанға дейін қызметтің 20 түрі бойынша шағын орта бизнес субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан салықтан және басқа да міндетті төлемдерден босату берілді. Бұл қызмет түрлеріне автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қонақ-үй дәмханалардың, бағдарламалық құрылғылар баспасының, туристік агенттіктермен олардың операторларының, мектеп алды білім беру жүйесінің, ауруханалар мекемелерінің, демалыс орындарының, теарлар мен концерт залдарының қызмет түрлері жатады, - деді спикер.