Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал әкімшілігі коалицияға хабар берді. Сауд Арабиясының басшылығы да хабардар болды. Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Йемендік Эль-Махра провинциясы мен Сокотра аралының арасында қатынайтын паром радардан жоғалды. Ішінде 55 адам бар. Бұл туралы арал әкімшілігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Xinhuanet хабарлады."Паром Сокотраға қарай бағыт алған. Ол Эль-махра портынан шыққаннан кейін жоғалып кеткені туралы есеп алдық. Бортта 54 адам болған", - делінген мәлімдемеде.