Wildberries. Енді Ресейде заңды тұлға ретінде тіркелудің қажеті болмайды

19 Ақпан 2021, 10:05
3394
Бөлісу:
Wildberries. Енді Ресейде заңды тұлға ретінде тіркелудің қажеті болмайды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министрлік Wildberries компаниясымен маркетплейсте кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген тіркеу туралы келісімге келді. Енді Ресейде  заңды тұлға ретінде тіркелудің қажеті болмайды және қосылған құн салығын төлеу алынып тасталады.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

 

Электрондық сауданы белсенді дамыта отырып, біз қазақстандық сатушылар үшін Wildberries-те үлкен (және үстеме шығындармен) қолайсыздықтарға тап болдық. Сатушылардың саны аз болғанымен, өз тауарларын белсенді түрде ілгері жылжытуда: 2020 жылы 66 қазақстандық тауар жеткізуші 340 млн теңгеге өз тауарларын сатты. Осы уақытқа дейін Wildberries интернет-платформасында жұмыс жасаудың басты қиындығы Ресей Федерациясында заңды тұлға ашу және оның аумағында сатылған тауарлар үшін Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеу қажеттілігі болды. Дәл осындай салықты кәсіпкерлер Қазақстанда да төйлейтін еді, - деп жазды ол.
 

Осы себеп үшін, көптеген ұсақ сатушы маркетплейстен алыстады.  

Бірақ қазір біз Wildberries компаниясымен осы маркетплейсте біздің кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген тіркеу туралы келісімге келдік. Енді Ресейде  заңды тұлға ретінде тіркелудің қажеті болмайды және қосылған құн салығын төлеу алынып тасталады, - деп жазды Бақыт Сұлтанов. 

Бүгінгі таңда Wildberries Қазақстанда ресми тіркелген және 4 сұрыптау орталығы мен 300 тапсырыс беру пункті бар.

Сауда және интеграция министрлігі Alibaba, Amazon, Aliexpress, Озон, Shopify-мен де жұмыс істеуді қолға алды.

Жоғарыда көрсетілген маркетплейстерді Қазақстанда тіркеу тапсырыс берілетін тауарларды жеткізуді жеделдетеді, тауарлардың бағасын төмендетеді және ең маңыздысы отандық тауар өндірушілерге сауда жүргізуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп малайзиялық, поляк және жапондық маркетплейстермен байланыс орнату және одан әрі ынтымақтастық бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Егер сатып алушыларымыздың белсенділігі туралы айтатын болсақ, өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда Қазақстанда электрондық сауда нарығының көлемі екі есе өсіп, 900 млрд.теңгеден асты, - деп жазды министр. 


 

Өзгелердің жаңалығы