Қазақстан төлқұжатымен қанша елге визасыз баруға болады

9 Қаңтар 2019, 10:32
16549
Бөлісу:
Қазақстан төлқұжатымен қанша елге визасыз баруға болады

Астана, baq.kz. Henley & Partners компаниясы жариялаған төлқұжаттар индексі халықаралық рейтингісінде Қазақстан 67-орында тұр. 

Индексте барлық елдің визалық режимі зерттеліп, азамат

тардың елдер арасында жүріп-тұру еркіндігі анықталған. Визасыз режимге сүйенген рейтингіде Қазақстан 67-орында түр. Қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады. 2018 жылы бұл тізімге 5 ел қосылып, индексте екі сатыға жоғарылады.
Рейтингінің басында Жапония тұр. Бұл елдің азаматтары 190 елге визасыз бара алады. Одан кейінгі орында 189 елмен визасыз жүріп-тұру келісімі бар Оңтүстік Корея мен Сингапур орналасты. Үшінші орында Франция мен Германия (188 ел). 

ТМД елдерінен Ресей – 48 (119 ел), Украина – 41 (128 ел), Беларусь – 66 (77 ел), Әзербайжан – 74 (66 ел), Өзбекстан – 80 (56 ел), Қырғызстан – 76 (64 ел), Тәжікстан – 80 (56 ел) және Түрікменстан 85-орында (53 ел) тұр. Индекс соңына Ирак пен Ауғаныстан (30 ел) жайғасқан. 

Henley & Partners компаниясы төлқұжаттар индексін 2006 жылдан бастап жариялап келеді. Елдердің визасыз режиміндегі өзгерістер туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2018 жылдан бастап индекс жылына бірнеше рет жаңартылады.

Өзгелердің жаңалығы